RMIT университетіндегі ғылыми тағылымдама

24 қараша, 2022

2022 жылы қарашаның 13 мен 18 аралығында э.ғ.д., "Менеджмент" кафедрасының профессоры Сансызбаева Г.Н., э.ғ.к., "Менеджмент" кафедрасының доцентінің м.а. Аширбекова Л.Ж., PhD, доцент, ЭжЖМ ҒЗЖ және ХҚ бойынша декан орынбасары Жидебекқызы А. "АР09260228 Пандемиядан кейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының әлеуметтік саласын мемлекеттік реттеуді күшейту" ғылыми жобасының аясында RMIT университетінде (Мельбурн, Австралия) ғылыми тағылымдамадан өтті.

Корольдік Мельбурн технологиялық университеті (RMIT) THE әлемдік рейтингінде 301-350 позицияны, QS WUR рейтингі бойынша 190-орынды иеленген және оқыту мен зерттеу саласында ерекше беделге ие оқу орны. Тағылымдама шеңберінде университет ғалымдарымен кездесулер, жоба тақырыбы бойынша зерттеулерге шолу, жобаның аралық нәтижелерін  таныстыру өткізілді. Шетелдік профессорлармен өткен семинарларда пандемиядан кейінгі кезеңде экономика мен әлеуметтік саланы мемлекеттік басқару мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, RMIT университеті мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасындағы бірлескен ғылыми жобалар мен бағдарламалар саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Тағылымдама барысында жоба мүшелері «AUSSRE 2022 International Multidisciplinary Academic Conference on Social Sciences and Business Management» (Мельбурн, Австралия) конференциясына қатысып, "The impact of the pandemic on the standard of living of the population of Kazakhstan" тақырыбында баяндама жасады.