
2022 жылдың 1 қарашасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінде ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, өнертанушы, ғалым Еркін Шүкіманмен “Құлақтан кіріп бойды алар” атты кездесу кеші болды. Кездесуді қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы ұйымтастырды.
Халық әндерін, Арқаның Біржан сал бастаған сал-серілерінің сырлы сазын көкейге құйып, өз заманының үніне де құлақ түре білген, Абай, Шәкәрім әндеріне терең үңіле білген, сал-серілік дәстүрдің ізінде ән шығарған, өзінің дара жолын қалыптастыра білген өнер иесі, қазақтың қара шаңырағында қоңыр үнді домбырасын әуелете ән шырқады. Филология факультетінің студенттері мен оқытушылары қатысқан бұл шара, әрбір тыңдарманға ерекше көңіл-күй, эстетикалық әсер сыйлай білді.
Бұл кешке қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.д., профессор А.Б. Темірболат, ф.ғ.д., профессор Ө. Әбдиманұлы, ф.ғ.к., доцент Р.М. Әбдіқұлова, ф.ғ.к С.Б. Тлеубаев, ф.ғ.к С.Д. Дәрібаев, Е.К. Карбозов, аға оқытушы Ш.А. Шортанбай, аға оқытушы Б.Б. Баязитов, қатысып, өз ойларын ортаға салды.
Басқа жаңалықтар


