Республика күніне орай Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында эссе байқауын жариялайды.

13 қазан, 2022

Республика күніне орай Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі �«Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында эссе байқауын жариялайды Эссе конкурсын өткізу тәртібі:
Конкурс 2022 жылғы 1-15 қазан аралығында екі кезеңде өткізіледі: біріншісі – ЖОО, екіншісі – республикалық деңгейде.
Эсселер kaznu.zhastar@gmail.com электрондық поштаға «Эссе байқауы» белгісімен 2022 жылдың 15 қазанын қоса алғанда жіберілу керек. Бір қатысушыдан бір ғана эссе жіберілуі мүмкін.
Эссеге қойылатын талаптар:
- байқау тақырыбына сай болу:
- автордың жеке ұстанымын, түпнұсқа идеяларын және эссе тақырыбының стандартты емес перспективасын көрсету;
- автордың өз пікірін негіздеу қабілетін көрсету.
Эссені рәсімдеуге қойылатын талаптар:
Конкурстық жұмыс қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде орындалуы мүмкін.
Жұмыс Word форматы, 1,0 интервал, Times New Roman шрифті, 14 кегль. Жұмыс көлемі 3 парақтан аспауы керек. Дәйек сөздерді, басқалардың пікірлерін пайдаланған кезде ескертулерде мәлімдеменің көзі көрсетілуге тиіс.
Эссенің титулдық бетін ресімдеуге қойылатын талаптар:
білім беру мекемесінің немесе ұйымның толық атауы;
тақырып;
автор туралы мәліметтер: аты-жөні, курсы, тобы, байланыс телефонының нөмірі, электрондық пошта.
2022 жылғы 15 қазаннан кеш түскен эсселер қаралмайды.