Эдмунд Маски 2012 магистерлік бағдарламасына құжат қабылдау басталды
Халықаралық Ынтымақтастық Департаменті Эдмунд Маски 2012 магистерлік бағдарламасына құжат қабылдау мерзімінің басталғанын хабарлайды. Маски бағдарламасы Қазақстан азаматтарына келесі мамандықтар бойынша Америка Құрама Штаттарында магистратурада білім алуларына мүмкіндік береді:
· Іскерлік басқару
· Экономика
· Білім беру
· Қоршаған ортаны қорғау саласын басқару
· Халықаралық қатынастар
· Журналистика және бұқаралық ақпарат құралдары
· Құқықтану
· Кітапхана ісі және ақпараттық ғылымдар
· Мемлекеттік басқару
· Мемлекеттік денсаулық сақтау
· Мемлекеттік саясат
Құжаттар 2012 жылдың 2 қарашасы, сағат 17.00-ге дейін қабылданады.
Маски бағдарламасы АҚШ Мемлекеттік департаментінің бағдарламасы болып табылады және ол АЙРЕКС-пен (Халықаралық Зерттеу мен Алмасу бойынша Кеңес ) басқарылады.
Іс-шараға қатысты барлық жұмсалатын қаражаттар (жартылай финалдық сұқбатқа қатысуға Алматыға дейінгі жолақысы, жартылай финал және финал уақыт аралығындағы қонақ үйде тұру; TOEFL және GRE/GMAT емтихандарына тіркелу жарнасы, американдық виза құны, университетте оқуы және т.б. ) бағдарлама есебінен қаржыландырылады. Бағдарламаға қатысу үшін ешқандай тіркелу және басқа да жарналар қажет етілмейді.
Іріктеу екі бөлімнен тұрады. Бастапқыда өтініштер бағдарламаның техникалық талаптарына лайықтығы бойынша қарастырылады (барлық қажетті құжаттардың толық болуы, J-1 визасын алудағы кедергілердің болмауы; жоғарғы оқу орнын бітіргені жөніндегі құжаттың болуы және т.б.). Кейін осы талаптарға сай барлық өтініштер Вашингтондағы АЙРЕКС-тің офисіне жіберіледі, онда тәуелсіз комиссия мүшелері өтініштердің барлығын оқып сараптаудан өткізеді. АЙРЕКС тәуелсіз сараптау мүшелерінің бағалаулары негізінде бағдарламаның жартылай финалисттері таңдалып алынып, оларды аймақтық офиске екі емтихан (TOEFL және GMAT немесе GRE, олардың мамандықтары бойынша) тапсыруға және сұқбаттан өтуге шақырады. Бағдарламаның жеңімпаздары екі емтихан мен сұқбат нәтижелері негізінде белгіленеді.
Қосымша ақпаратты мына мекен-жай бойынша алуға болады:
Қазақстандағы Айрекс
Жібек-жолы даңғылы 60, 12 бөлме, 3 қабат
Алматы, 050002, Қазақстан
Тел.( 727) 273 41 50
Факс: .( 727) 273 40 50
Сайт: www.irex.kz