Тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму бағыты

20 қазан, 2011

Тәрбие жұмысы жөніндегі департаменттің ұйымдастырумен 2011 жылғы 19 қазанда Ғылыми кеңестің мәжіліс залында Әлеуметтік даму жөніндегі проректор Ш.Е.Жаманбалаеваның қатысуымен деканның оқу, әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, кафедра меңгерушілерінің оқу, әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, Куратор-эдвайзерлер кеңесі мен Куратор-эдвайзерлер мектебі мүшелерінің қатысуымен кезекті семинар-мәжілісі өтті.

Семинардың күн тәртібінде осы аптада Ғылыми кеңестің отырысында қарастырылған оқытушы-профессорлар құрамының индикативті жеке жұмыс жоспарына ерекше көңіл бөлінді. Соның ішінде әлеуметтік даму бағыты бойынша факультет пен кафедраның интдикативті жоспары қызу талқыланды. Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент директоры Г.Ә.Сәрсенбекова оқытушының индикативті жеке жұмыс жоспарының құрылымы, оқытушы-профессорлар құрамының индикативті жеке жұмыс жоспарының оқытушы-профессорлар құрамының рейтингісімен байланысы, ҚазҰУ-дың әлеуметтік даму бойынша индикативті жоспары жайында дайындаған кестемен жан-жақты таныстырды. Әлеуметтік дамыту бағыты бойынша жұмыстың тиімді де нақты бағыттарын айқындап көрсетті. Сондай-ақ, студенттер арасындағы әртүрлі тәртіп бұзушылықтың алдын алу мәселесі, ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған жалпыуниверситеттік шаралардың орындалу барысы және өткізілу сапасы туралы, универсиеттегі студенттік клубтар мен үйірмелердің ережелері, университет студенттері мен оқытушылардың жалпыуниверситеттік шараларға қатысу белсенділігі туралы айтылды.

Деканның оқу, әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, кафедра меңгерушілерінің оқу, әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, Куратор-эдвайзерлер кеңесі мен Куратор-эдвайзерлер мектебі мүшелерінің қатысуымен өтетін әлеуметтік даму және тәрбие жұмысына арналған кеңейтілген семинар-мәжіліс айына бір рет өткізіліп отырады. Семинар жұмысына университеттің басқа құрылымынан да қатысушылар шақырылады.

Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент