TEMPUS GEM жобасы аясында «ГЕОИНФОРМАТИКА: ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ, РЕСУРСТАРДЫ және ҚАУІПТІ БАСҚАРУ» тақырыбында мониторинг жасалды

20 қазан, 2011

17 қазан 2011 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің география және табиғатты пайдалану факультетінде TEMPUS GEM жобасы аясында «ГЕОИНФОРМАТИКА: ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ, РЕСУРСТАРДЫ және ҚАУІПТІ БАСҚАРУ» тақырыбында өткізілген мониторнигқа Қазақстандағы TEMPUS бағдарламасының координаторы Тасбулатова Шайзада Өмірзаққызы, Европалық коммисияның білім беру, аудиовизуальдық жабдықтар мен мәдениет бойынша Атқарушы Агенттігінің бағдарлама жетекшісі Белен Энсисо (Бельгия), Қазақстан Республикасындағы Европалық Одақ Өкілеттігінің техникалық ынтымақтастық бөлімінің жобалар менеджері Жарылғасова Айгүл (Астана қ.) қатысты.

Іс-шара жоспары бойынша ректораттың 9 қабатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ректоры академик Ғ.М. Мұтановпен кездесуге мониторинг бойынша комиссия мүшелері Ш.Ө. Тасбулатова, Белен Энсисо, А. Жарылғасова, сонымен қатар халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры А.Б. Смаилова, география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы г.ғ.д., профессор В.Г. Сальников, география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының меңгерушісі г.ғ.к., доцент Г.Н. Нүсіпова, картография және геоинформатика кафедрасының меңгерушісі г.ғ.к., доцент Н.Н. Керімбай қатысты. Университет ректоры Ғ.М. Мұтанов география және табиғатты пайдалану факультетінде 2010 жылдан бастап жұмыс атқарып жатқан халықаралық жобаға саяси қолдау көрсетті.

География және табиғатты пайдалану факультетінде факультет деканы г.ғ.д., профессор В.Г. Сальниковтің алғы сөзінен кейін төмендегі баяндамалар тыңдалды:

· GEM жобасының координаторы, ГАЖ Орталығының директоры (Зальцбург қаласы, Австрия) профессор Джозеф Строблдың бейне есебі;

· әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарапынан жобаның кооринаторлары г.ғ.к., доцент Н.Н. Керімбай мен г.ғ.к., доцент Г.Н. Нүсіпованың жасалған жұмыстардың нәтижелері бойынша есебі;

· Қорқыт-ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті тарапынан жоба координаторы, Т.И. Кеншінбайдың презентациясы.

Мониторинг жұмысына факультет деканы В.Г. Сальников, деканның ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық ынтымақтастық бойынша орынбасары Н.Ү.Бултеков, география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының меңгерушісі Г.Н. Нүсіпова, картография және геоинформатика кафедрасының меңгерушісі Н.Н. Керімбай, рекреациялық география және туризм кафедрасының доценті А.С. Ақтымбаева, картография және геоинформатика кафедрасының аға оқытушысы г.ғ.к. Қ.Б. Самарханов, география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының PhD докторанты И.Б. Сәрсенова, география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының аға оқытушысы А.С. Иканова, география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының PhD докторанты Г.Қ. Қайранбаева, жоба координаторы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Т.И. Кеншінбай қатысты.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі