- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Анорганикалық заттар мен материалдардың бүгінгі химиясы мен технологиясы» атты халықаралық ғылыми конференция өтті
«Анорганикалық заттар мен материалдардың бүгінгі химиясы мен технологиясы» атты халықаралық ғылыми конференция өтті
Бүгін химия және химиялық технология факультетінде белгілі ғалым, педагог, білім беру ісінің озаты, ҚазССР ҒА академигі, Бектұров Әбікен Бектұрұлының 110-жылдығына арналған «Анорганикалық заттар мен материалдардың бүгінгі химиясы мен технологиясы» атты халықаралық ғылыми конференция өз жұмысын бастады.
Оған ҚазҰу-дың бірінші проректоры М.Бүркітбаев, химия және химиялық тхнология факультетінің деканы Е.Оңғарбаев және химия саласының мамандары, факультет студенттері қатысты. Санкт-Петербор мемлекеттік технолгиялық институтының профессоры В.В.Гусаров «АЭС жүйесін қауіпсіздендіруде жаңа бейорганикалық материалдар. Оларда жасау, енгізу» баяндамасын оқыды. Атом электр стансасын қауіпсіздендіру бүгінде әлем алдында қызығушылық танытып отырған өзекті мәселе болғандықта, конференция қатысушылары бұл тақырыпқа белсене араласты.
Қазақстанда минералдық шикізаттар қоры өте мол, бірақ олардың технологиялық өнделуі және пайдалы өнімдерге айналуы қазіргі заманның талаптарына сай келмейді. Бұл жағдайлар ең алдымен фосфаттық, бораттық, силикаттық, алюминий, мыс, темір, уран, хром, көмір және полиметалдық шикізаттарды өндеумен байланысты. Сонымен қатар, Қазақстанда халық шаруашылығы үшін көптеген маңызды қолданбалы сипаттамалары бар материалдар алуға болатын химия, металлургия өнеркәсіптері, аул шаруашылығының көп көлемді қалдықтары бар. Осыған байланысты әлемдік маркетингті талдау негізінде минералдық шикізаттарды өндеудің жаңа перспективті технологияларын құру, Қазақстан орта және кіші бизнесі іске асырып жүрген, бұрыннан қолданыстағы технологияларды жетілдіру қажет. Осы өзекті мәселені шешу және өнеркәсіптің дамуын тездету үшін ғалымдар мен өндірушілер жұмыстарын біріктіру, орта және кіші бизнеспен партнерліқ байланыстар құру, сонымен қатар әлемдік кеңістіктегі ғылыми бәсекеге жастарды белсенді түрде баулу керек. Мұндай өзектіліктер конференцияның негізгі мақсатына арқау болды. Химия ғылымы мен өнеркәсібі өзара әрекеттесуінің мәселелерін қарастыру, әлемдік тенденцияларға сай химия ғылымы мен анорганикалық материалдар технологиясының даму деңгейін анықтау, жаңа перспективті материалдар алу, өзекті экологиялық мәселелерді шешу жолдарын айқындау конференцияға келген отандық және шетелдік ғалымдар баяндамаларының басты тақырыбына айналды. Анорганикалық заттар мен материалдардың бүгінгі химиясы мен технологиясына арналған ғылыми жиын ертең де жалғасады.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі