Жаңа электронды құрылғының мүмкіндіктері таныстырылды

20 қазан, 2011

20 қазан күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дене шынықтыру және спорт кафедрасында география және табиғатты пайдалану факультетінің туризм кафедрасымен және ҚР спорттық бағдарлау Федерациясымен бірлесе отырып электронды белгі қоюға арналған SPORTident (Германия) құрылғысының және Winorienta (Россия) бағдарламасының мүмкіндіктерін көрсетуге арналған халықаралық тәжірибелік семинар басталды.


Екі күнге созылатын бұл семинар барысында SPORTident (Германия) құрылғысының және Winorienta (Россия) бағдарламасының қалай жұмыс істейтіндігі тексеріліп, дене шынықтыру және спорт кафедрасы студенттері пайдаланып, сараптамадан өткізеді. Ол үшін арнайы ҚазҰУ қалашығы территориясында бағдарлама жасалып, бұл құрылғылардың сапасы жағынан да сынға түспек. SPORTident (Германия) құрылғысының және Winorienta (Россия) бағдарламасының ерекшелігі спорттық сайыстарда әділ-қазыларсыз старт командасы беріліп, қанша уақыт аралығында қандай ара-қашықтықты меңгергені, әрбір станцияны қалай өткендігі автоматты түрде тіркеліп, қағаз түрінде басып беру мүмкіндігіне ие. Чип түріндегі бұл құрылғыда белгіленген нөмірі де бар.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі