«әл-Фараби атындағы ҚазҰУ достары клубы» ашылды

24 қазан, 2011

Жуырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде халықаралық «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ достары клубы-international «Al-Farabi University Friends Club» ашылды. Клубтың мақсаты университетінің дамуына үлес қосу және әлемдік ғылым және білім кеңістігінде университет ықпалын нығайту. Сонымен бірге халықаралық серіктестік қарым-қатынасты орнату және нығайту, университеттің ғылым, білім және инновациялық қызметін ұйымдастыру мен басқаруда идеялар ұсынып, тәжірибе мен білімді біріктіруде жан-жақты жағдаймен қамтамассыз ету. Сондай-ақ университеттің инновациялық қызметі мен әлеуметтік-экономикалық жобаларын жандандыру мақсатында жергілікті және шетелдік серіктес университеттер мен ұйымдар тарапынан қолдау табу (эндаумент, қайырымдылықпен сыйға тарту, демеушілік, инвестиция т.б.). Осы жаңадан құрылған клуб арқылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық бизнес-қауымдастығымен тығыз қарым-қатынас орнатуын, инновациялық жобалар мен университет студенттері мен оқытушыларының ғылыми-зерттеу қызметін дамытып, ғылыми-зерттеу және инновациялық әлеуетін дамыту мақсатында материалды-техникалық негізін қалау үшін қолдау көрсетіледі. Клуб өз кезегінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің беделін арттырып және әлемдік қоғамдастыққа танытуға ықпал болады.

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ достары клубына» қосыламын деушілерге шектеу қойылмайды. «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ достары клубына» ҚазҰУ-дың есеп шотына мүшелік жарнаны аударған әрбір тұлға мүше бола алады.

Аталмыш жобаны жүзеге асыру мақсатында ҚазҰУ-дың есеп шотына аударылған мүшелік жарнаның көлеміне байланысты ҚазҰУ достары клубы мүшелерін төмендегідей категорияларға бөлуге болады: Дара мүше «ҚазҰУ достары клубына» жыл сайын кем дегенде 15000 теңге көлемінде мүшелік жарна аударған жеке тұлға болып табылады. Корпоративті мүше «ҚазҰУ достары клубына» жыл сайын кем дегенде 100000 теңге көлемінде мүшелік жарна аударған заңды тұлға есептелсе, Құрметті мүше - «ҚазҰУ достары клубына» ҚазҰУ-дың дамуына үлкен үлес қосқан және жыл сайын кем дегенде 200000 теңге көлемінде мүшелік жарна аударған, сонымен қатар университетте жүргізілетін халықаралық жобалар мен бағдарламалардың жүзеге асыруында белсенді қатысқан Қазақстан азаматтары немесе шетелдік азаматтар бола алады;

«ҚазҰУ достары клубына» қосылу үшін www.kaznu.kz университет сайтында «ҚазҰУ достары клубы» бөлімінде көрсетілген өтінішті толтырып, мүшелік жарнаны төмендегі банк есеп шотына «мүшелік жарна» деген төлем мақсатын көрсете отырып, аударуыңыз шарт. Бұл сіздің Клубтың аталмыш мәлімдемесімен танысқандығыңызды, әрекеттеріңіздің масқатын түсініп және осы әрекетті атқаруға құқығыңыздың бар екенідігін, сонымен қатар мәлімдемеде көрсетілген шарттарды толықтай қабылдайтыныңызды білдіреді. Халықаралық «ҚазҰУ достары клубының» корпоративті мүшелері жөнінде қосымша ақпарат алу үшін төмендегі байланыс телефонына хабаласуыңызды өтінеміз.

e-mail: Aizhan.Smailova@kaznu.kz, jansaya.alibayeva@kaznu.kz

Тел.: +7(727)3773330 (ішкі номер 1166)

Банк деректемелері:

АҚ БТА БАНК АЛМАТЫ ФИЛИАЛЫ

АЛМАТЫ қ., ӘЙТЕКЕ БИ к., 55

Коррсчет № KZ86125KZT1001300234 в УПС НацБанка

БИК ABKZKZKX, РНН 600900513079,

ОКПО 096000190902

Есеп-шот номері: KZ90319A010004297841

Валюта түрі: KZT

Есеп-шот номері: KZ51319A010004297864

Валюта түрі: EUR

Есеп-шот номері: KZ46319A010004297857

Валюта түрі: USD

Байланыс ақпараты:

050040 Алматы қ., Қазақстан Республикасы,

әл-Фараби даңғ., 71, 1205-кеңсе

Тел.: +7(727)3773330 (ішкі номер 1166)

Тел/факс: +7(727)3773311

e-mail: Aizhan.Smailova@kaznu.kz, jansaya.alibayeva@kaznu.kz