«ҚазАқпарат» Ұлттық ақпарат агенттігі
24.10.2011 / 19:38
«Даму» қоры мен Қазақ ұлттық университеті ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
АСТАНА. 24 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ы мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды,
деп хабарлады Қордың баспасөз қызметінен.
Аталған келісім тараптардың қызметінің негізгі бағыттарына сәйкес салаларда өзара тәжірибе алмасу, университеттің студенттері мен оқытушы құрамы үшін конференциялар, семинарлар, дәрістер және дөңгелек үстелдер ұйымдастыруда өзара ынтымақтасу сынды бірқатар бірлескен іс-шараларды өткізуді көздейді.
Келісімге қол қою рәсімінде «Даму» қорының басшысы Л.Ибрагимова жастар бизнесінің және жастарды еңбекпен қамтамасыз ету үшін жағдай жасаудың өзектілігі жайында ақпарат берді. Сондай-ақ қор мен білім ордасының арасындағы ынтымақтастықтың бірқатар бағыттарында тұрақты өзара қарым-қатынас орнағанын баса айтты. «Даму» қоры «Самұрық-Қазына» ӘАҚ» АҚ-ымен бірге әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жанындағы Жұмыс берушілер кеңесінің мүшесі, ал өз кезегінде университет Қордың әріптесі болып табылады.
Тараптар білім, ғылыми-зерттеу, кәсіби бағдарламаларды бірлесіп жүзеге асыруға ниетті болып отырғандықтарын қуаттап, мұндай әлеуметтік әріптестік кәсіби білім беру сапасын арттыра түседі деген ортақ пікірге келді.
ҚазАқпарат анықтамасы: Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ы 1997 жылы 26 сәуірде ҚР Үкіметінің қаулысымен құрылды. Қор қызметінің негізгі мақсаты - елімізде бизнестің сапалы дамуына жәрдемдесу.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - Қазақстандағы ірі ғылым және білім орталығы саналады. Университетте шамамен 20 мыңға жуық студенттер, магистранттар және PhD докторлары білім алуда. 180-нен астам мамандық бойынша дайындық жүргізіледі