Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы: жетістіктер мен қауіптер

26 қазан, 2011

22 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультеті «әл-Фараби-Карнеги» ғылым-білімдік бағдарламасының басшылығымен бірлесіп «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы: жетістіктер мен қауіптер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел халықаралық қатынастар факультетінің негізінде «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының Парламентаризм Институтының белсенді қолдауымен ұйымдастырылды.

«Әл-Фараби-Карнеги» ғылым-білімдік бағдарламасының мақсаты Қазақстан мен Орталық Азия мемлекеттерінің, халықаралық қауымдастықтағы білім және ғылыми мекемелері, саяси институттары, бизнес өкілдері мен үкіметтері арасында аймақтық және халықаралық қауіпсіздік, қарусызданыдыру саясаты, аймақтық сауда және экономика, экология мен энергетика мәселелері бойынша ашық диалогты дамытуға ықпал ету болып табылады.

Дөңгелек үстелдің жұмысында «Нұр-Отан» партиясының өкілдері, қазақстандық және шетелдік жетекші сарапшылар қатысты.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі