Заңгерлер бас қосты

31 қазан, 2011

28 қазан күні Қазақстанның Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Қылмыстық құқықтың, қылмыстық іс жүргізудің және криминалистиканың өзекті мәселелері» тақырыбындағы жоғары оқу орындарының арасындағы жылсайынғы студенттік ғылыми конференция өтті.

Ғылыми жиынды заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық істер жүргізу және криминалистика кафедрасы мен Қылмыстылықпен күрес жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырды.

Конференцияда қазіргі қылымыстылықтың әлемдік тенденциясы; қазіргі қылымыстылықтың аумақтық тенденциясы; жаһандану жағдайында қылмыстылықпен күресу саласындағы әлемдік саясаттың тенденциясы; жаһандану жағдайында мемлекеттің қылмыстық саясатын жүзеге асыру; қауіпсіздікпен қамтамасыз ету саласындағы ҚР мен шетел мемлекеттерінің заңнамасы: салыстырмалы талдау мен жетілдіру бағдары (перспективасы); қылмыстылықпен күресудегі халықаралық ынтымақтастық сияқты өзекті тақырыптарды қамтыды. Конференцияға Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарынан 70 студент келді. Атап айтқанда, Астана қаласының ҚР Қаржы полициясының тыңдаушылары, Қарағанды қаласының «Болашақ» университетінен, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық универстиетінің, Экономика және құқық институтының, Тұран универстиетінің т.б. ЖОО студенттері қатысты.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі