ҚазҰУ-де Жұмыс берушілер кеңесінің үшінші мәжілісі өтті.
2011ж. 27-29 қазанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «ЖОО студенттері мен оқытушыларының академиялық мобильдігі» сессия щеңберінде жұмыс берушілер кеңесінің мәжілісі өтті. Өз презентацияларымен АҚШ, Жапония, Польша, Ресей, Қазақстан елдерінен баяндамашылар, ҚазҰУ Жұмыс берушілер кеңесінің мүшелері шықты, GSM-Қазақстан, Аймақтық қаржы орталығы, Chevron, британдық түлектер клубы және т.б. Секция жұмысында және Жұмыс берушілер кеңесінің мәжілісінде шет мемелекеттер университетінің өкілдері, жұмыс берушілер кеңесінің мүшелері, факультет декандары, оқытушылар, «Болашақ» стипендиясының түлектері, ректорат қызметкерлері, белсенді студенттер, болондық процесс студенттер бюросы, барлығы 150ден аса қатысушылар қатысты.
Талқылауға берілген негізгі сұрақтар:
- Академиялық мобильдікті дамытуда студенттер мен оқытушыларға грант жүйелерін құру және дамыту;
- Академиялық мобильдіктің жоғарғы оқу орын ішіндегі нормативтік-матодиканы қамтамассыз ету, дамыту;
- Халықаралық қатынастар бағдарламасы аясында студенттер мен оқытушылардың шет тілден білімін жоғарлатып, дамыту;
- Жоғары оқу ішіндегі мобильдік жүйені бағалау;
- Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайды құру, академиялық жетекшілікті дамыту;
- Ғылыми-зерттеу ұжымы қызметкерлерін студенттердің тәжірибесін жоғарлату үшін тарту;
- Академиялық мобильдіктің қысқамерзімді курстар негәзәнде дамыту;
- Ағылшын тілін дамыту;
- Жеке модулдерді, сабақтарды ағылшын тілінде оқыту;
- Ғылыми зерттеу үшін мобильді интернетті құру;
- Түлектерді жұмыспен қамтамассыз ету мәселелері, жұмыс берушілермен қарым-қатынасы;
Мансап және бизнес орталығы