Жұмыс берушілер кеңесінің үшінші мәжілісі өтті

1 қараша, 2011

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «ЖОО студенттері мен оқытушыларының академиялық мобильдігі» сессия щеңберінде жұмыс берушілер кеңесінің мәжілісін өткізді. Бұл мәжілісте өз презентацияларымен АҚШ, Жапония, Польша, Ресей елдерінен баяндамашылар, ҚазҰУ Жұмыс берушілер кеңесінің мүшелері шығып, GSM-Қазақстан, Аймақтық қаржы орталығы, Chevron, британдық түлектер клубы таныстырды.

Секция жұмысында және Жұмыс берушілер кеңесінің мәжілісінде шет мемлекеттерден келген университет өкілдері, жұмыс берушілер кеңесінің мүшелері, факультет декандары, оқытушылар, «Болашақ» стипендиясының түлектері, белсенді студенттер, болондық процесс студенттер бюросы, барлығы 150-ден аса қатысушылар атсалысқан. Жиналған аудиторияда академиялық мобильдікті дамытуда студенттер мен оқытушыларға грант жүйелерін құру және дамыту, халықаралық қатынастар бағдарламасы аясында студенттер мен оқытушылардың шет тілден білімін жоғарлатып, дамыту, жеке модулдерді, сабақтарды ағылшын тілінде оқыту және ғылыми зерттеу үшін мобильді интернетті құру, т.б. тақырыптар кеңінен талқыланды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі