Байқауда студент өз қабілетін жетілдіруіне болады
Жұмысшылар кеңесінің кәсіпорындарының қызметімен танысуға мүмкіндік беретін бірнеше сатыдан тұратын сайысқа қатысушылырға «Ашық кафедра» жобасы ең күшті, дарынды студенттерді «Open Faculty Case Competition» байқауына өз күштерін сынап көруге шақырады.
Сайыстық кейс-тапсырманы GSM-Қазақстан, Microsoft Қазақстан, T-Mobile, KPMG, Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В., ҚазМұнайГаз, Daewoo, SWR 3, Бипек-Авто, Инновациялық қор, Аймақтық қаржы орталығы, Chevron, Еуразиялық банк, Қазақстандық биржалық қор, Success Motivation компанияларынан беріледі. Кейс-тапсырма сайысында студенттер өндірістің топ-менеджерлерімен тілдесуге, өз қабілеттерін дамытуға мүмкіндігі болып, сол өндірістерде бизнес қалай құралғанын біліп қана қоймай, болашақта сол кәсіпорындарға жұмысқа тұруға жол ашылады. «Ашық кафедра» жоба тыңдаушылары бір аптаның ішінде топтық жұмыста (31- қазаннан 5- қараша аралығында 2011ж.) өндіріс қызметінен алынған шынайы жағдайды талдап, мәселелердің мәніне жетіп, оларды шешудің тиімді жолдарын тауып, топтық орындауға дайындалады. «Ашық кафедра» жобасының төрешілері мен дәріс берушілері өз бағаларын береді. Төрешілер жақсы деп танылған топтық жұмыс, жартылай финалға өтіп, жаңа кейс-тапсырмасын алған топ 12-қарашада 15 минуттық таныстыру рәсімін көрсетеді. 19-қарашада 2011ж. өтетін финалға екі топ қана шығады. Бағалаудың негізгі талаптары: талдау қабілеті, тұсаукесер ұйымдастыру дағдысы. Топта жұмыс істей білуі мен нақты саладағы білім мен уақытты ұтымды пайдалануына баса назар қойылады. Марапатттау рәсімі 3-желтоқсанда, «You lead» жас көшбасшы атты студенттік форум шеңберінде өтеді. Осы күні «Ашық кафедра» жобасы тыңдаушыларына транскрипт енгізілетін баға AU («аудит», «дәріс тыңдалды» ) сертификаттар тапсырылады.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі