Хосио Университінің профессоры Хонг Ким cтуденттерге дәріс оқыды

1 қараша, 2011

«Зерттеу университеттерін қалыптастыру және олардың Қазақстан Республикасының инновациялық дамуына қосатын үлесі» форумнының мүшесі, Корея Республикасы жоғары білімінің көрнекті қайраткері, PhD докторы, Хосио Университінің профессоры Хонг Ким философия және саясаттану факультетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасының магистранттары мен PhD докторанттарына «Кәсіпкерлік және жаһандану» атты тақырыбында дәріс өткізді.

Лектор жаһандану үдерісіндегі ғаламтордың жоғары рөлін атап, келесідегідей 3 буынын көрсетті: жаһанданудағы саясаткерлер мен спортшылардың рөлі, жаһанданудағы әлемдік компаниялардың рөлі, сонымен қатар жаһанданудағы даралап тіл табу рөлі. Профессор сонымен бірге Қазақстан мемлекеті халқының таңғажайыптығы, қайталанбастығы мен керемет мәдени ресурстары бар екендігі туралы ойымен бөлісті.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі