Әл-Фараби ҚазҰУ Жастар ұйымдары комитетінің үндеуі
1 қараша, 2011
2011 жылдың 25 қазанында «Рух пен тiл» жастар ұйымы хабарлағандай, Елбасыға Алматының алты жоғары оқу орындарының 8 мыңнан аса студенті қол қойып Премьер-министр Кәрім Мәсімовтің отставкаға кетуін талап етіп хат жолдаған. Онда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері де бар деп аталған.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жастар ұйымдары комитеті студент жастардың мәлімдемесін ескере отырып, университет жастарының қол жинау акциясына қатыспағандықтарын айтып қоғамды ақпараттандыруды қажет деп санайды.
«Рух пен тiл» ұйымы еліміздің жетекші жоғары оқу орнының есімін өзінің саяси мүддесіне орынсыз пайдаланған және ұйымның қол жинау кезекті PR-акциясы қоғам назарын өзіне аударту мақсатында жасалған деп санаймыз.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Жастар ұйымдары комитеті
Басқа жаңалықтар
26 қараша, 2024
26 қараша, 2024
26 қараша, 2024