«Полимедиялық технология – XXI ғасыр ұстазының құралы» атты семинар өтті
Қазан айының 28-29 күндері «Полимедиялық технология – XXI ғасыр ұстазының құралы» атты оқу үдерісінде ақпараттық-байланыстық технологиялардың қолданылу теориясы мен тәжірибесіне бағытталған екінші ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.
Семинарға ҚазҰУ университетінің оқытушыларынан басқа Азаматтық авиация академиясы, Қ.Сатпаев атындағы ҚазҰТУ, ҚМЭБИ, Алматы экономика және статистика академиясы, Х.А.Ясауи ат.ХҚТУ, ҚазҰАУ және Алматы қаласының тағы басқа оқу орындары қатысты. Қазіргі таңда әр оқытушы өз алдына заманына сай дәрежеде болып, негізгі білім жиынтығы, іскерлік және машықтанып қана қоймай, сонымен қатар күнделікті шығармашылық ізденісте болуы керек. Оқытушылар семинар барысында қазіргі әлемдік тенденциялар мен Microsoft компаниясының жаңа бағдарламаларының оқыту тәжірибелерін жан-жақты қарастырып, түрлі профильдік шығармашылық жұмыстарға қатысты, педагогикалық біліктілікті көтеру мақсатында қазіргі таңдағы құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, тәжірибе алмасу үшін жаңа технологиялық шешімдерді тестілеп, олардың қолданылуына назар аударды.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі