- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Экономика ғылымының әдіснамасы, теориясы және практикасы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді
«Экономика ғылымының әдіснамасы, теориясы және практикасы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді
3 қараша, сағат 10.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті химия және химиялық технология факультетінің Малахит залында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ҚР жоо-лар Ассоциациясымен, Қазақстанның қаржыгерлер Ассоциациясымен бірлесе Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, көрнекті ғалым Әубәкіров Яхия Әубәкірұлын еске алуға арналған «Экономика ғылымының әдіснамасы, теориясы және практикасы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
Конференцияда экономикалық ғылымының теория және әдіснама мәселелері, экономикалық саясаттың және Қазақстан дамуындағы тәжірибелік өзект мәселелер, экономикалық кадрларды дайындауды жетілдірудің басымдылықтары қарастырылады.
Мақалалардың тақырыбы іргелі ғылыми зерттеулердің келешекті бағыттарына сәйкес келеді және экономикалық ғылымның әдіснамасымен, әлеуметтік-бағдарланған экономиканы қалыптастырумен, заманауи экономикалық ғылым және практикасының басқа да мәселелерімен байланысты мәселелердің кең ауқымын қамтиды.
Талқылауға берілген материалдар экономика саласындағы мамандарға арналған, сондай-ақ оқу үдерісінде қолдануға болады.
Конференцияда сонымен қатар Қазақстанның, таяу және алыс шетелдің жетекші ғалымдарының баяндамалары тыңдалатын Пленарлық мәжіліс өтеді.
Ал 14.00-де ҚазҰУ-дың Экономика және бизнес Жоғары мектебінде секциялық мәжіліспен жалғасады.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
(727) 377-35-20