ҚазҰУ-да қоғам қайраткері, танымал публицист Бигелді Ғабдуллин кітабының тұсаукесері өтті

3 қараша, 2011

«Великое кочевье» кітабының авторы кітап тұсаукесерінде қазақ халқының алтығасырлық тарихының ең маңыздылары мен кітаптың тәуелсіздігіміздің 20-жылдығына арналғандығын айтты. Журналистика, филология, әлем тілдері және әдебиеттану, тарих, археология және этнология факультеттерінің студенттері кездесу барысында «Central Asia Monitor» газетінің бас редакторымен еркін түрде әңгімелесті.

Ол ҚазҰУ-дағы студенттік жылдары, кәсіби және шығармашылық жолы мен журналист болып қалыптасу, өмірдегі қоғамдық-саяси маңызы бар сәттерін де жасырып қалмады. Кездесуде студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ең озат әрі белсенді студенттерге өз кітабын қолтаңбасымен табыс етті. Б.Ғабдуллин студенттерге «сендер білімді болып, сұранысқа ие маман болуларың керек. Ел патриоты бола біліңдер. Тарихты біліп, ел пайдасына қызмет етуге ұмтылыңдар. Бүгінгі менің туындым да соған өз үлесін қосар деп сенемін», - деп тілегін білдірді. Сондай-ақ, Бигелді Ғабдуллин халықаралық «ҚазҰУ достары клубына» қосылатынын айтты. Бұл клуб өз жұмысын жақында өткен зерттеу университеттерін қалыптастыру форумында ашылған болатын. ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхамбетқали Мырзабаев клуб куәлігі мен төсбелгісін табыс етті. Сонымен қатар, қонағымыз мұражаймен танысып, ізгі ниет, тілегін құрметті қонақтар кітабында жазып қалдырды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі