География және табиғатты пайдалану факультетінің студенттері 3 қарашада Алматы қаласының әкімшілігі мен “Казэкология” ЖШС бірігіп өткізген экологиялық акцияға белсенді қатысты.
Бұл акция “Біз таза қала үшін” бағдарламасының негізінде өткізілді. Осы жолы тазалаудың объектілері Үлкен және Кіші Алматы өзені, Есентай жағалаулары маңайын қамтыды. Тазалық жұмыстары “Таза өзендер, таза жайылымдар” деген ұранмен өтті. Студенттер белсенділік танытып, тазалыққа жауапкершілік байқатты. “Энергоэкология ” кафедрасының 1-курс студенті Жания Досымқызы: «Мұндай іс-шаралар жастарға экологиялық тәрбие беруде өте қажет. Туған жерінің тазалығын сақтау мен аялауға баулитын, патриоттығын қалыптастыратын шара. Студенттер бойында экологиялық тәрбиені дамытуда университет үлкен көңіл бөлуде», - деген оймен бөлісті.
Тазалау жұмыстары аяқталған соң, студенттер арасында лотерея ойыны ұйымдастырылып, студенттер ұялы телефондар мен флешкалар ұтып алып жатты.
Энергоэкология кафедрасы