«Open Faculty Case Competition» жаңа теңдессіз байқау

9 қараша, 2011

5 қарашада «Open Faculty Case Competition» атты жаңа теңдессіз байқау басталды, оның шеңберінде «Ашық кафедра» жобасы негізінде студенттер бизнес, экономика, социология, экология, маркетинг, ақпараттық технология және телекоммуникация салаларында өздерінің тәжірибелік дағдыларын дамытуға мүмкіндік алады.

Жобаның ерекшелігі оқу семестр бойынша «Болашақ» бағдарламасының түлектері студенттерге инновациялық пәндерден дәріс оқып, тәжірибе алмасады. Жобаның атқарылып жатқан екі ай аралығында 120 қатысушы ағылшын тілінде ең өзекті бағыттар бойынша 18 дәріс тыңдады. Жоба арасында алынған білімді бекіту мақсатымен Open Faculty Case Competition байқауының кейстік тапсырмалары басталды. Байқаулық кейстер GSM Қазақстан, Microsoft Қазақстан, T-Mobile, KPMG, Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В., ҚазМұңайГаз, Daewoo, SWR 3, Бипек–Авто, Инновациялық қоры, Аумақтық қаржы орталығы, Chevron, Еуразиялық Банк, Қазақстандық қаржылық биржа компанияларының қызметтерінен алынған.

«Ашық кафедра» жобансының тыңдаушылары топтық жұмыста компания қызметінен алынған жағдайды талқылап, мәселенің маңызын, әр-түрлі шешімді қарастырып, олардың ішінде үздікті таңдап, топтық презентацияда Deloite, Eurasian Bank, E-Way, Microsoft, Fulbright program, Environmental Project Audit, People party NurOtan, World Bank, Chevron, Career and Business Center, Alumni club Bolashak компанияларының алдында ұсынады.

Байқаудың бірінші кезеңі нәтижесі бойынша 8 топтан 4 топ іріктелді. Қазылар алқасы Smart Hearts және Индиго топтарының презентациясында шешімдерінің озіндік идеясы мен стандарттық емес жағына баса назар аударды. Қаржылық сектор компаниялары P&G и Dragon Motors топтардың терең және жақсы талдауларын жоғары бағалады.

Байқаудың екінші кезеңінде әрбір топқа әлеуметтік бағыттағы мәселелік жағдайлық кейстер ұсынылды. Онда оралмандардың экономикалық және әлеуметтік интеграциясы, отбасылық зорлықтың құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету, мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету, жетім балалардың бәсеке қабілеттіліктерін көтеру тақырыптарын қамтыды.

Жартылай финалға өткен топтар өз шешімдерін қазылардың жаңа құрамы алдында ұсынады, қазылар арасында Қазақстанның Британдық түлектерінің Клубынан Әлібек Өміржанов, «Болашақ» стипендиаттарының Қауымдастығынан Болатбек Жүнісов, Қазақстандық стратегиялық зерттеу институты Леся Қаратаева, Әлеуметтік зерттеу және әлеуметтік инжиниринг орталығынан Гүлмира ӘбдІрайымова және Бауржан» қайырылымдық қоры, Ержан Татишев қоры сондай-ақ «Бота» қоғамдық қорының өкілдері бар.

Екінші кезеңнің топтық презентациясы 12 қарашада сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін, экономика және бизнес жоғары мектебінің № 2 залында өтеді. Байқаудың қазылары үздік саңаған топтар финалға өтеді.

Мансап және бизнес орталығы