Профессор А.Х.Арыстанбекованың видео-дәрісі өтті
8 қазанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінде магистранттарға арналған профессор А.Х. Арыстанбекованың «Әлемдік саясаттың жаһандануы» атты видео-дәрісі өтті.
А.Х.Арыстанбекова Қазақстан тарихындағы алғашқы әйел-елші, Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымындағы тұңғыш тұрақты өкілі, ҚР сыртқы істер министрлігінің айрықша тапсырмалар бойынша елшісі.
А.Арыстанбекова қазіргі уақыттағы жаһандану түсінігіне тоқталып, оған қатысты батыстық пен шығыс авторларының көзқарастарын қарастырды. Сондай-ақ, магистранттардың көкейлеріндегі сұрақ-сауалдарына жауап бере отырып, ол «жаһандану» түсінігіне қатысты өзіндік түсіндірімесін беріп, халықаралық қатынастардың алдағы онжылдықтардағы даму үрдісі туралы ойымен бөлісті.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі