«Ана тілі» Ұлт газеті

10 қараша, 2011

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Студенттер сарайында биылғы «Ана тілі» аруы» және «Жігіт сұлтаны» байқауларының ақтық сайысы өтті. Жыл сайын дәстүрге айналған байқаулар биыл Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналды. Аталған байқаудың ұйымдастырушысы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіңнің тәрбие жұмысы жөніндегі департаменті мен Студенттер сенаты.

Байқау сәлемдесу, сұрақ-жауап, өз өнерін, сән үлгілерін көрсету сияқты кезеңдерден тұрды.

Сонымен, «Ана тілі» аруы қорытындысы бойынша экономика және бизнес жоғары мектебінің 2-курс студенті Салтанат Мәлік бас жүлдеге ие болды. Ал «Жігіт сұлтаны» байқауының Гран-при иегері философия және саясаттану факультетінің 3-курс студенті Қайырхан Қалдыбайұлы атанды.

Қатысушылар ұйымдастырушылар тарапынан және «Лореаль мейбелин Нью-Йорк» компаниясы ұсынған сыйлықтарға ие болды.