Open Faculty Startup Competition стартап байқауы

13 қараша, 2011

Стартап байқауына Open Faculty Case Competition финалына шыққан SIFE КазҰУ және Индиго командалар қатысады. Сонымен қатар, байқауда «Болашақ» бағдарлама түлектері, Perfect&Genius, Smart Hearts, Dragon Motors, Team One байқаудан шығып кеткен топтардың тимбилдерден құрылған «Open Faculty» құрама командасы қатысады.

Командаларға Қазақстанда аналогы жоқ стартапты өңдеу қажет. Стартап идеясына міндетті түрде тәуекел, мүмкіншілік, бопса және т.б. талдауымен толық бизнес-жоспар қосу керек. Сонымен қатар, презентациялық бөлімде командалар қазыларды (инвесторларды) өз стартапыңызды қаржыландыру керек екіндігін сендіру қажет.

Байқау өткізу шарттары.

1. Командалар өз стартаптарын барынша толығырақ көрсету қажет.

2. Стартап келесi белгiлерге сәйкес келуi керек: жаңалық және инновациялық, технологиялық, өзектiлiк және жобаның әлеуметтік маңыздылығы (жобадан әлеуметтiк эффект, ашылатын жұмыс орындарының саны, өндiрiс және өнiмнiң экологиясы, бiрлескен жауапкершiлiк), коммерциялану және жобаның iске асырушылығының потенциалы, (өнiм немесе қызметке сұраныстың потенциалы, нарықтық тұжырымдаманы дәлелдiгі, коммерциялық әрiптестердің ойлары).

3. Ұсынылған стартап идеялар алғашқы рет ұсынылып және Қазақстанда аналогы болмау керек.

4. Идея және өңделген бизнес-жоспар барынша нақтылыққа жақындалған болу керек.

5. Қатысушылар жоба құрылымының жауапкершілігін өздеріне толығымен алады.

6. Командаға деген талаптар: презентация тобын қоса бiр команданың толығымен шығуы; презентация тобы 10 адамнан тұрады; бизнес- эдвайзердің қатысуы (қазылар алқа және ашық кафедраның лекторлары құрамынан емес).

7. Командаға презентация үшін 15 минут беріледі. Сұрақтармен жауаптарға қосымша 10 минут беріледі.

8. Байқаудың қатысушыларына стартап жобасының және презентацияның соңғы түрін (қағаз және электрондық түрде) 24 қарашаға дейін, 11:00-де 15 көшірмесін ұсыну қажет. Осы материал қазылар алқасына екі күн бұрын толық танысу үшін жіберіледі.

9. Стартап презентациялары 26 қараша күні, 11:00-де, экономика және бизнес жоғары мектебінің № 2 академиялық залында өтеді.

10. Финалдық дауыс беру және жеңімпаздарды анықтау 26 қараша күні командалардың презентацияларынан кейін өтеді.

11. Қазылар алқасы жобаның мазмұның, презентация, бизнес-концепцияның инвестициялық тартымдылығы (жобаның қаржылық бөлімін қорғау), нарық, аналог, тұтынушылардың потенциал жөнінде қатысушылардың білімі (жобаның маркетинг бөлімін қорғау), хабардарлық, бизнес-жоспарды іске асыру үшін қатысушылардың тәжірибе және дағдыларын бағалайды. Сонымен қатар, қазылар алқасы қатысушылардың харизмасын, инвесторлар алдында жобаны ұсыну, презентацияда жобаның негізгі артықшылықтары және болашағын көрсету білу; қазылар алқасының сұрақтарына жауап беру қасиеттерін бағалайды.

Байқауды 20 қазылар алқасы бағалайды, қазылар құрамына ҚазҰУ Жұмыс берушілер Кеңесінің компаниялары, ғалымдар, «Ашық кафедра» жобаның дәрісшілері кіреді.

Центр карьеры и бизнеса
Find us on Facebook