Алматы қаласының Жастар форумы өтті
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған іс-шаралар аясында, 2011 жылдың 11 қарашасында Ө. Жолдасбеков атындағы Студенттер Сарайында «Алматы қаласының Жастар форумы» өтті. Форумның ұйымдастырушысы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы жастарының конгресі және Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқармасы болып табылды.
Форум барысында 3 секция жұмысы өткізілді. Университет магистранттары А.Әскеров пен С. Картаеваның жүргізуімен өткен «Қазақстан Тәуелсіздігінің қызықты 20 фактісі» атты дәрісте егеменді ел тарихында орын алған басты 20 оқиғасына тоқталып, соның аясында дәріс тыңдаушылар - Алматы жастарына сұрақтар қойылды. Белсенді қатысушылар ҚазҰУ-дың естелік сыйлықтарымен марапатталды. Ал, «Тәуелсіздіктің 20 жылы: тәжірибе және келешегі» атты дөңгелек үстелде тұғырлы Тәуелсіздіктің жетістіктері туралы баяндамалар оқылып, қызу талқыланды. Сондай-ақ, жас көшбасшылардың тәрбиеленуінде маңызды орын алатын «Біз – оңтүстік астананың көшбасшыларымыз!» атты семинар-тренинг жүргізілді.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі