- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Колумбиялық университет (АҚШ) арасында өзара әріптестік меморандумына қол қойылды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Колумбиялық университет (АҚШ) арасында өзара әріптестік меморандумына қол қойылды
Әріптестік кеңістігін кеңейтетін бұл құнды құжатқа қол қою рәсімі 10 қараша күні ҚазҰУ делегаттарының іс-сапары барысында іске асты.
ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов Колумбиялық университетінің профессоры, Жер институтының директоры Джефри Сакспен кездесті. Кездесу барысында Ғ.Мұтанов университеттің ғылым-білім, инновациялық қызметі туралы, әсіресе, ҚазҰУ зерттеу университеті бағытына бет бұрып отырғандығы туралы айтты. Джефри Саксқа «Біз зерттеу университетін жасаудағы ең үздік тәжірибелерді алмақпыз. Колумбиялық университетінің көп жылғы тәжірибесі біз үшін өте маңызды әрі қымбатты. Өзара тиімді әріптестігімізді арттыруда солармен танысу бізге өз септігін тигізеді деп ойлаймын», - деп атап өтті Ғ.Мұтанов.
Кездесу барысында Global classroom жобасын әрі қарай кеңейту қаралып, оның қазақстандық жағдайдағы жай-күйі талқыланды. Курс тыңдаушылары, студенттер мен оқытушылар алдағы уақытта Колумбиялық университетте тәжірибеден өтуі туралы келісім жасалды. Д. Сакс Жер институты жанында 30 зерттеу орталығы мен әр түрлі бағытта 800-ден аса ғалым жұмыс істейтіндігін айтты. Колумбиялық университет Қазақстанның оқу орындарымен әріптестікке ынтық, әсіресе, ҚазҰУ-мен, бұл екі университет арасында серіктестік қарым-қатынас орнап келеді. «Integrated Approaches to Sustainable Development Practice бағдарламасының тұрақты дамуының арқасында ҚазҰУ-мен жұмыс оң сипатта қызығушылық танытты», - дейді Джефри Сакс.Су ресурстары, электр қуат көзін үнемдеу, инновациялық технологиялар, экономиканың әр тараптары бойынша біріккен ғылыми топтар құрып, осындай маңызды бағыттарда жұмыс бастауды ұсынды. Д. Сакс «Friends of KazNU» халықаралық клубына мүше болуға ниет білдіріп, ҚазҰУ студенттері мен ғалымдарына лекция оқып, университеттің барлық жұмыстарына белсене атсалысуға дайын екенін мәлімдеді. Ғалым Мұтанов осындай тілегін құптап, ҚазҰУ-ға қонаққа шақырып, салтанатты түрде клуб мүшесінің куәлігі мен арнайы белгімен марапаттады. Сонымен қатар ҚазҰУ досы, Колумбиялық университеттің жаһандық магистрлік жүйе директоры Лусия Родригезпен маңызды кездесу болды. Ол ҚазҰУ-да қазан айында өткен Зерттеу университетінің дамуына арналған халықаралық форумға қатысқан болатын. Форумда Global classroom жобасының аясында магистранттар мен PhD докторанттар Колумбиялық университет профессорларының он-лайндық жүйедегі лекцияларына қатысатындықтарын айтты. Л. Родригез ҚазҰУ достары клубына мүше болып, тең төрағалыққа ұсынылды. Кездесу барысында Лусия Алматыны сағына есіне алып, «ҚазҰУ-дың бұл бастамасы барлығымыздың басымызды қосты, бұл ректор Ғалым Мұтановтың үлкен еңбегі», - дейді. 17 қарашаға дейін созылатын іс-сапар барысында, ҚазҰУ ректоры Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ерлан Ыдырысовпен кездеседі. Ғалымдар мен студенттерге лекция оқып, Вашингтондағы табиғи-тарихи Ұлттық мұражай мен АҚШ Конгресс кітапханасына бару жоспарланып отыр.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі