Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ БҰҰ Білім бағдарламасының белсенді қатысушысы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың БҰҰ Білім бағдарламасына қатысу сауалдар ректор Ғалым Мұтановтың шетелдік іс сапары аясында АҚШ-та өткен кездесуде талқыланды.
Өз кезегінде ҚазҰУ делегациясы Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Бірғаным Әйтімованың қабылауында болды. Кездесу барысында БҰҰ-ның өзекті күн тәртібіндегі білім кластері талқыланды. БҰҰ аясындағы ҚазҰУ мен ЮНЕСКО байланысы, сондай-ақ,
Ғалым Мұтанов пен ЮНЕСКО-ның Нью-Йорктағы байланыс бюросының директорының кездесуі барысында рталық Азия университеттерінде ғылым, білім жобаларын ұйымдастыру барысы қаралды.
ҚазҰУ-дың БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасына қатысуын кеңейту оның жетекшісі Раму Дамодаранмен әңгімелесу кезінде қозғалған ауқымды тақырып болды. Раму Дамодаран университет ұжымын аталмыш жобаға қатысуымен құттықтады. «Сіздердің университеттеріңіз әзірге Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында бұл жобаға қатысып отырған жалғыз университет. ҚазҰУ Қазақстанның жетекші ғылым және білім орталығы ретінде адап құқығы, сауаттылық, тұрақты даму, қағтықығтарды шешу және бейбітшілікті сақтау, халықаралық диолог сияқты өзекті тақырыптарды дамытуды өз жауапкершілігіне алып отыр.Сіздерде даму өте жоғары деңгейде деп ойлаймын. Сіздерге сәттілік тілеймін», - деп атап өтті Р.Дамодаран.
«Бұл бағыттағы жұмыс ҚазҰУ мен әлемнің жетекші жоғары оқу орындары арасында тығыз халықаралық әріптестікті қажет етеді. Америкалық университеттермен бірлескен ғылым, білім зерттеу және инновациялық жобаларды дамыту біздің сапарымыздың басты мақсаты болып табылады», - деп атап өтті кездесу барысында Ғ.Мұтанов.
БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның бастамасымен «Академилық ықпал» жобасы 2010 жылдың қарашасынан бастау алады, ол әлемнің 90 елінен 500-ден аса жоғары оқу орнының басын біріктіреді.
17 қарашаға дейін жалғасатын сапар барысында ҚазҰУ ректоры АҚШ-тағы Қазақстан Елшісі Ерлан Ыдырысовпен, ЮНЕСКО-ның Нью-Йорктағы байланыс бюросының директоры Филлип Криделькомен кездесіп, ғалымдар және студенттер алдында дәріс оқымақ.