ХІХ «Түркі жазуы мейрамы» өтеді

16 қараша, 2011

24 қарашада университетінің филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасының ұжымы мен «Түркі филологиясына кіріспе», «Түркітануға кіріспе» пәнінен дәріс оқитын филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.Б.Бектемірованың жетекшілігімен дәстүрге айналған ХІХ «Түркі жазуы мейрамы» өтеді.

Еліміздегі белсенді жоғары оқу орны саналатын қарашаңырағымыз әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде қазақ тілі мен қазақ әдебиеті, қазақ филологиясы мамандығы бойынша білім алатын 2-курс студенттері «Түркі филологиясына кіріспе», «Түркітануға кіріспе» пәнін оқиды. Аталған пәннен студенттер түркі халықтарының тілін, әдебиетін, мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрін меңгеріп, өздерінің түпкі ата тілінің қасиетіне тереңнен зерделеуге мол мүмкіндік алады.

Осыған орай «Түркі жазуы мейрамы» жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасы ұжымы мен «Түркі филологиясына кіріспе», «Түркітануға кіріспе» пәнінен дәріс оқитын филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.Б.Бектемірованың жетекшілігімен жыл сайын дәстүрге айналған ХІХ «Түркі жазуы мейрамы» биыл ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына тұспа-тұс келуіне орай факультет көлемінде 2011 жылдың 24 қараша күні атап өткізілгелі отыр..


Тәлім-тәрбиелік мәні зор мұндай ісшаралардың өткізілуі, болашақ ұрпақтың еліне, жеріне деген сүйіспеншілігінің арта түсуіне өз ықпалын тигізері сөзсіз.

Мерекелік кеште белгілі түркітанушы ғалымдар А.С.Аманжолов пен ҚӨмірәлиевтің жаңадан жарық көрген кітаптарының тұсаукесері болады.

Жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасы