- Басты бет
- Жаңалықтар
- 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі оқиғалардың халықаралық қауіпсіздік саясаты және Орталық Азиядағы қауіпсіздік саясатына ықпалы
2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі оқиғалардың халықаралық қауіпсіздік саясаты және Орталық Азиядағы қауіпсіздік саясатына ықпалы
16 қарашада «2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі оқиғалардың халықаралық қауіпсіздік саясаты және Орталық Азиядағы қауіпсіздік саясатына ықпалы» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференция әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультеті, Германдық зерттеулер бойынша орталықтың бастамасымен және Фрдрих Эберт атындағы қордың ұйымдастыруымен, сонымен қатар Орталық Азия бойынша Қордың үйлестірушісі мен оның жетекшісі Вульф Лапинстің тікелей мұрындық болуымен өткізілді.
2001 жылғы 11 қыркүйек оқиғаларынан кейінгі Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздік құрылымының трансформациясы мәселесі конференцияда кеңінен талқыланды. Германиядан келген К. Зуханек, В. Шрайбер, Й. Накмайер және А. Юсупов (Гейдельберг) сияқты ғалымдар мен сарапшылар ОА-дағы аймақтық мәселелерді шешудің қиындығына қатысты еуропалық көзқарасын білдірсе, Орталық Азия мемлекеттерінің сарапшылары – Ф. Толипов (Өзбекстан), З. Мадамиджанова, Р. Хайдаров (Тәжікстан), М. Суюнбаев (Қырғызстан) осы мемлекеттердің ұлттық мүдделерін сипаттайтын қауіпсздік мәселесіне қатысты бір-бірінен ерекшеленетін өзіндік ұстанымдарын талқылауға ұсынды.
Қазақстанның қауіпсіздік саласындағы қызметінің негізгі бағыттарын Р. Казиева, А. Каукенов, сонымен қатар ҚазҰУ-дан М.Т.Лумулин, М.Ш.Губайдуллина, Г.А.Мовкебаева, К.К.Кожахметов, Р.О.Садыкова сияқты қазақстандық сарапшылар талқылауға ұсынды. Конференцияда Еуропа мен Орталық Азия мемлекеттерінің қауіпсіздік пен тұрақтылық саласындағы ұстанымдарын үйлестіру бойынша кеңестер беріліп, халықаралық қатынастар факультеті мен Еуропа ғалымдарының ынтымақтастық келешегі айқындалды. Талқылауда халықаралық қатынастар факультетінің доктранттары мен магистранттары белсенділік танытты.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі