Мемлекеттік тілді үйретудегі инновациялар талқыланды

18 қараша, 2011

18 қарашада Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті мемлекеттік тіл кафедрасында республикалық ғылыми-әдістемелік «Мемлекеттік тілдің құзыреттілігі: инновация және модульдік оқыту» атты конференциясы өтті. Конференцияға Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының оқытушы-ғалымдары, факультеттің оқытушы-профессорлық құрамы мен Гази университетінің (Түркия) профессоры Иылдыз Нәсилие арнайы қатысты.

Конференция мемлекеттік тіл кафедрасының меңгерушісі әрі ұйымдастырушысы Анар Салқынбайдың кіріспе сөзімен басталды. Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, түркітану және үндітану кафедрасының меңгерушісі Балқия Қасым «Етістікті оқытуда жаңа технологияны қолдану» тақырынба баяндама дайындап, ЖОО-дағы тіл үйрету орталықтарында мемлекеттік тілді үйрету қолданылып келетіндігі мен модульдік технологияда сөз жасамды модульге бөліп оқыту тиімділігін көрсетіп отырғандығы туралы айта кетті. Ұйымдастырушы әрі модератор Анар Салқынбай: «Қазіргі тәлімгерлер ішінде қазақ тілді студенттердің басымдылығы қуантады, олар қазақ ұлтының патриоттары. Біздің университетте қазақ тілін оқытуға арналған кітаптар да басылып шығып жатыр. Ал биыл біз бірінші рет модульді оқыту жүйесіне еніп отырмыз», - дейді.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары: тілдік құзыреттіліктің қалыптасуы: теориясы мен тәжірибесі, инновациялық бағдар және қазақ тілін оқытудың қазіргі әдіс-тәсілдері; оқулықтармен және оқу құралдарымен қамтамасыз етудің жүйелі әдістемелік негізі болды.

Оқытушылар студенттерге дәріс барысында қазақ тіліндегі ақын-жазушылардың шығармаларын талдау тәсілін қолданады. Бұл студенттердің дүниетанымын жетілдіру, ұлттық сананы қалыптастыруға септігін арттыруға

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі