- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Тіл оқыту технологияларының диагностикасы» атты педагогикалық идеялар фестиваліне шақырады
«Тіл оқыту технологияларының диагностикасы» атты педагогикалық идеялар фестиваліне шақырады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы 2012 жылдың 15 ақпанында жоғарғы оқу орындары арасында өтетін «Тіл оқыту технологияларының диагностикасы» атты педагогикалық идеялар фестиваліне шақырады.
Фестиваль аясында жоғарғы оқу орындарында шетелдіктерге қазақ және орыс тілдерін оқытудың өзекті мәселелері мен жаңа бағыттарына, тіл оқытудың аспектілері мен сөйлеу қызметіне, Қазақстанның шет тілін оқытудағы тіл меңгерудің еуропалық деңгейлік сипат жүйесімен бірігу мәселелеріне арналған ҚазҰУ мен Алматы қаласындағы өзге жоғарғы оқу орындарының алдыңғы қатарлы оқытушылар қатысатын мастер-кластар мен дөңгелек үстелдер, әдістемелік семинарлар өткізу жоспарланып отыр.
Дискуссия барысында келесі мәселелер талқылауға ұсынылады :
1. Шетелдіктерге тіл оқытудың бастапқы және орта деңгейлерінде қазақ, орыс тілдерінің фонетика, лексика грамматика салаларында кездесетін негізгі қиындықтар.
2. Қазақ және орыс тілдерін шет тіл ретінде оқытудағы жас оқытушы қателіктерінің типологиясы мен оны түзету жолдары.
3. Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында оқитын шетелдік студенттердің тілдік және әлеуметтік-мәдени бейімделулеріне қатысты мәселелер.
4. Шетелдік студенттерге қазақ және орыс тілдерін оқытуда мамандыққа бағыттауға қатысты туындайтын мәселелер. Гуманитарлық, техникалық мамандықтарға арналған тіл курсының құрылымы мен мазмұны.
5. Студенттердің шеберлік пен дағдыларын қадағалауға арналған тестілеу формалары. Шетелдік студенттерге тіл оқытуда оқу үдерісінде тестерді қолдану тәжірибиесі.
6. Іскерлік қазақ тіл мен іскерлік орыс тілі және олардың іскерлік қарым-қатынаста қалыптасуы.
7.Баспасөз тілін оқыту және шетелдік студенттерді бұқаралық ақпарат құралдары материалдары негізінде оқуға және түсініп тыңдауға үйрету.
8. Қазақстан жоғарғы оқу орындары тәжірибиесіне қазақ тілін шет тіл ретінде оқу мен орыс тілін шет тіл ретінде оқытуға арналған сертификациялық тестілеу жүйесін енгізу.
9. Жалпы пәндер мен орыс тілін оқыту әдістемесі: мәселелері, интеграциялары, жобалаулары.
10. Қазақ және орыс тілдерін шет тіл ретінде оқытудың түрлі деңгейлеріне және бірыңғай оқу кешенін құруға қатысты оқулықтарға қойылатын талаптар және оқу бағдарламаларын жасау.
Дөңгелек үстелдің тақырыбы – Глаголы: что? как? когда?
Бағдарлама бойынша ҚазҰУ оқытушыларының оқу құралдары таныстырылады.
Фестиваль мен дөңгелек үстелге қатысу үшін g.k.ikhsan@mail.ru электронды мекен-жайына (Ихсангалиева Гүлнар Қуанышқызына ) 2012 жылдың 10 қаңтарына дейін тапсырыс жіберу керек.
Фестивальдің тапсырыс беру формасы
Фамилиясы ___________________________________________________________________
Аты _________________________________________________________________________
Әкесінің аты__________________________________________________________________
Мекеме (толық атау) __________________________________________________________
Мекеменің қысқаша атауы ______________________________________________________
Ел, қала ___________________________________________________________________
Қызметі ___________________________________________________________________
Ғылыми немесе академиялық атағы _______________ Ғылыми дәрежесі_ _____________
Қызметтік мекен-жайы (пошта индексі) __________________________________________
Үйінің мекен-жайы (пошта индексі) ______________________________________________
Байланыс телефоны (қала аралық байланыс кодымен) ___________________________
E-mail (Басқа қаладан келетіндер үшін) – көрсету міндетті түрде _____________________
Дөңгелек үстелге қатысушылар үшін (баяндама тақырыбы)___________________________
Байланыс ақпараты:
Ихсангалиева Гүлнар Қуанышқызы, филол.ғ.д., Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Тел.: 8700411 23 06
Құрметпен, ұйымдастыру комитеті