«Экономика» республикалық апталық газет

25 қараша, 2011

Таңдамалы еңбектің тұсауы кесілді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде экономика ғылымдарының докторы, академик Экономика институтының директоры Оразалы Сәбденнің «Экономика» атты таңдамалы еңбегінің тұсаукесері өтті. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған аталмыш еңбек 21 том болып жарыққа шыққан. Көптомдықта Қазақстан Республикасының алғашқы қиын жылдарынан ба стап, экономиканың маңызды табыстарға жеткен күндері қарастырылған. Кітап болашақ экономиканың негізін құру, жаңа технологиялар, идеялар мен тәсілдерді қолдану, инновациялық даму және бәсекеге қабілеттілікті көтеру, өндірісті модернизациялау және диферсификациялау сияқты мазмұнды қамтиды. Сондай-ақ, қазақ және орыс тілінде жарық көрген еңбекке фундаменталды монографиялар, оқулықтар мақақалар жинағы, сонымен қатар, ел Президентіне, қазақстан Үкіметі мен Парламентіне жазылған хаттар енген. Автор бұл еңбегі жайында: «21 томдық «Экономика» кітабында Қазақстан экономикасының бүгіні мен келешегі жайлы жан-жақты айтылған. Яғни болашаққа арналған экономикалық даму сатылары көптамдықта қарастырылған», - дейді.