«Ана тілі» Ұлт газеті

25 қараша, 2011

Ғалымның таңдамалы еңбектері

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Білім және ғылым министрлігі Экономика институтының директоры, экономика ғылымдарының докторы, академик О.Сәбденнің 21 томдық «Экономика» таңдамалы еңбегінің тұсаукесері өтті.

Шараға университет ғалымдарымен қатар отандық белгілі ғалым-академиктер А.Қошанов, М.Баймұратов, А.Сатыбалдин, Ғ.Қалиев, Б.Рақышев, Э.Түркебаев, ЖОО-ның және ҚР ҒЗИ-дың басшылары, Алматы қаласының ғалымдары қатысты. Бұл басылымның ерекшелігі оған фундаменталды монографиялар, оқулықтар, мақалалар жинағы, сонымен қатар еліміздің Президентіне, Қазақстан Үкіметіне және парламентіне жазылған хаттар енген.