25. 11 күні Жастар ұйымдары комитетінің кеңейтілген жиналысы өтті.
25.11.11 күні Жастар ұйымдары комитетінің кеңейтілген жиналысы өтті. Комитет жетекшісі Сәуле Ишангалиеваның жүргізуімен өткен жиналыста университет сайтының жұмысын жетілдіру мақсатында Студенттік баспасөз орталығының алдына бірнеше міндеттер қойылды. Сондай-ақ, қысқы сессияның өту барысында енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат бөлім бастығы Данияр Сүндетбаевпен хабарланды.
Мәскеу қаласына жасалған іс-сапар бойынша ҚазҰУ делагациясының есебі тыңдалып, алдағы үлкен іс-шара – ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мерекелік концерттің дайындық жұмыстары бойынша тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары мен қызығушылығы бойынша клубтардың жартыжылдық есебі тыңдалды. Жиналыс барысында айтылған ақпарттар мен ұсыныстар студенттік ұйымдар арасындағы ұжымдық рухты нық бекітіп, жаңа бастамаларға жол сілтеді.