«Тегімізді таза сақтайық» атты пікір сайыс өтті
Биология және биотехнология факультетінің биофизика мен биомедицина кафедрасының профессоры, б.ғ.к., Н.Торманов пен кафедраның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарының орынбасары б.ғ.к., доцент Н.Т. Абылайханованың ұйымдастыруымен 1-4 курс бакалавр студенттері мен магистранттары арасында Қазақстан республикамыздың тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнап «Тегімізді таза сақтайық» атты пікір сайыс өтті.
Пікір сайысқа тек студенттер ғана емес, кафедраның барлық мұғалімдері қатысты. Пікір сайыста профессор, б.ғ.к., Н.Т.Торманов, б.ғ.к., доцент З.А. Асқарова, б.ғ.к., доцент Г.Т. Сраилова мен б.ғ.к., доцент Н.Т. Абылайханова өз ойларын ортаға салып, жастарға ақыл-кеңестерін берді. Студенттердің қойған сұрақтарына жауап берді.
Пікір сайысты 3 курс студенті Мирзалиева Динара өзінің презентация баяндамасымен ашты. Сонымен қатар Темірбаева Ақбота, Сейдалиева Нағима, Қадылбек Ұлжан, Абдрахманова Жанар және т.б. студенттер өз ойларымен бөлісті. Пікір сайыстың соңын 2 курс студенті Омар Ізбасар тектілік туралы өлең жолдарымен оқып бітірді.
Қазақ мектептерінің басты міндеті – білім берумен бірге
қазақилыққа баулуда, қазақи мінез-құлық қалыптастыруда, қазақтың
баласын нағыз қазақ қылып тәрбиелеуде жатыр. Сонда ғана қазақ жастары
қазақтықтан жерімейді, сонда ғана олар қаншама шетелдерде оқып, қызмет
істеп, тіпті өмір сүріп жүрсе де, қазақтығын жоғалтпайды, қазағым деп
жүрегі соғып, бүйрегі бұрып тұратын болады... Батырлар жырын
(эпостарымызды) естіп, қазақи батырлықтың не екенін сезген, «Абай
жолын» оқып, қазақтың шынайы болмысынан хабардар болған, Абайдың
өлеңдерін оқып, жүрегі тебіренген қазақ баласы ғана қазақи қасиеттерді
бойына тереңнен дарытып, өмірдің қандай да болсын тезінен өтіп, нағыз
қазақ болып қала алады.
Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент