«Желтоқсан жаңғырығы» атты ашық тәрбие сағаты өтті

28 қараша, 2011

Заң факультетінің азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Желтоқсан жаңғырығы» атты ашық тәрбие сағаты өтті.

Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,

Ерлерді ұмытса да ел , жел ұмытпас,

Ел үшін жанын қиып, жауды қуған

Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас

Ел үшін төккен ерлер қанын жұтып,

Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас

Арқаның селі, желі, шөлі, белі, -

Ерлерді ұмытпаса ел ұмытпас, - деп Мағжан Жұмабаев ағамыз айтқандай дүниені дүр сілкіндіріп, қазақ елінің бостандық туын көтерген ерлеріміз мәңгі есте қалары сөзсіз.

Бүгінгі «Ұлы таулар аласармайды,

Ұлы есімдер ұмытылмайды», -

деген айдармен 25 желтоқсанда заң факультетінің 102 тобының ұйымдастырыуымен «Желтоқсан жаңғырығы» атты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған ашық тәрбие сағаты өтті. Топ эдвайзері- азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының аға оқытушысы Урисбаева Айнұр Аманқұлқызы.