СПИД-ғасыр дерті

29 қараша, 2011

Қазақстанның түкпір - түкпірінен келген, ата-аналарынан алыста жүрген 1-курс студенттерін әрқашан тиімді ақпараттармен хабардар етіп, келеңсіз жағдайлардан сақтандырып отыру – ұстаздардың басты міндеттерінің бірі. Осы орайда, халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық 21-тобының студенттерімен география және табиғатты пайдалану факультеті және калалық СПИД орталығымен бірлесе отырып, 24 қараша күні «СПИД-ғасыр дерті» атты эдвайзерлік сағат өтті.

Бұл шара ДДҰ жобасы «Салауатты университеттер» бағдарламасының аясындағы «ВИЧ/СПИД-нің алдын алу» айлығының негізінде өткізілді. Дәріске энергоэкология кафедрасының оқытушысы, х.ғ.к., Г.С.Жұманова, аға оқытушы А.С.Саттарбаева, кафедра маманы Ә.Б.Саметовалар қатысты. 1- курс студенттеріне калалық СПИД орталығының маманы, дәрігер - эпидемиолог, медицина магистрі Әсел Саметова «ВИЧ инфекциясы және одан сақтанудың жолдары» атты дәріс оқыды. Әсел Төлеушайхқызы күнделікті өмір тәжірибесінен алынған мысалдар келтіру арқылы студенттерді дәрісті мұқият тыңдауға қызықтыра білді. Әсіресе, қыз балаларды ауырудың жүктілік кезінде, босану кезінде, емізу кезінде жүғатындығы қатты алаңдатты, болашақ ана ретінде осы тұрғыда сұрақ та көп қойылды. Қыз балалар дәрістің қызықты өтуіне белсенділік танытты. Қыз балаларға сұлулық салонына барған кезде, құралдарды пайдалануда сақ болу керек екендігі және болашақта отбасын құрған жағдайда орталықтан тексерістен өтудің артық болмайтындығы туралы ескертілді. Студенттер сұрақ қою арқылы қанағаттанарлық жауап алып отырды. Топ студенттері осы тақырыпта қабырға газеттерін шығарды, баяндамалар дайындады.Студенттер атынан келген қонақтарға алғыс айтылды.

Халықаралық қатынастар факультеті

халықаралық құқық 21-тобының

эдвайзері Г.У.Ахметалиева.