«Тəуелсіздік жылдары – ел тарихының жарқын беті» атты тақырыптық куратор-эдвайзерлік кеш

29 қараша, 2011

26 қараша 2011 жылы Рекреациялық география жəне туризм кафедрасының
2 курс студенттері Қазақстан Республикасының Тəуелсіздігінің 20 жылдығына
арналған «Тəуелсіздік жылдары – ел тарихының жарқын беті» атты тақырыптық
куратор-эдвайзерлік кешті өткізді. Кешке география жəне табиғатты пайдалану
факультетінің оқытушылар мен студенттері қатысты.
Өткізілген кештің мақсаты студенттер бойында ұлтжандылық сезімді ояту, туған
жерге махаббатын нығайту, тəуелсіз Қазақстанның тарихының жарқын беттерін
көрсету болды.
Кафедра студенттері кешке жан-жақты дайындығын көрсетті. Кеш оқытушылар
мен студенттерінің құттықтау сөзінен басталды. Кеш барысында студенттерге Тəуелсіз
Қазақстанның тарихынан сұрақтары қойылып, арнайы ойындар ойнатылды. Студенттер
өз өнерін жан-жақты көрсетті: əн айтылып, қазақ ұлттық билері биленді. Студенттер
топта жұмыс істей білетіндігін, жауапкершіліктерін көрсете білді.

ҚазҰУ--дың Баспасөз қызметі