Дөңгелек үстелде «Зерттеу университетіндегі шығыстанудың рөлі мен орны» талқыланды

1 желтоқсан, 2011

30 қарашада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Зерттеу университетіндегі шығыстанудың рөлі мен орны» атты халықаралық дөңгелек үстел өткізді.

Аталмыш дөңгелек үстелге отандық шығыстанушы, тарихшы, филолог, философ, саясаттанушы, өнертанушы ғалымдар, шетелдік шығыстанушы ғалымдар сонымен қатар факультеттің жас ғалымдары, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысты. Дөңгелек үстелдің модераторы орыс ғалымы, шығыстанушы, РҒА Қиыр Шығыс елдері институтының Қытайды экономикалық және әлеуметтік зерттеу орталығының директоры, э.ғ.д., профессор А.В.Островский болды. Дөңгелек үстелге қатысушылар қазақстандық шығыстану ғылымының өзекті мәселелерін талқылады, шығыстану саласында сапалы білімді жақсарту аясында ұсыныстар жасап, студенттермен өзара пікір алмасты.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі