ҚазҰУ студенттері мен оқытушылары Сенат депутатымен кездеседі
2009 жылдың 9 ақпанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқытушы-профессорлары мен студенттері ҚР Парламент Сенатының депутаты Қуаныш Сұлтановпен кездесуді өткізіледі.
Кездесуге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Бақытжан Жұмағұлов, қалалық мәслихаттың хатшысы Мұқашев Төлеубек, факультет декандары, ғалымдар мен студенттер қатысады.
Сенаттың Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қуаныш Сұлтанұлы ҚазҰУ-ға екінші рет келеді. Осыдан екі жыл бұрынғы кездесуде депутат Сенаттың әлеуметтік-мәдени комитетін басқарып жүрген болатын.
Аталмыш кездесу екі жаққа да тиімді: депутаттар өз тарапынан Парламенттің жұмыс бабымен таныстырса, университет қауымы Елбасшының тапсырысымен қарапайым халықтың, соның ішінде оқытушылар мен студенттердің тұрмысы мен әл-ауқатын қалайша жүзеге асырылып жатқандығын біле алады.
Қуаныш Сұлтанов комитет жұмысы жөнінде арнайы баяндама жасап, кейіннен Қазақстанның халықаралық істері, қорғаныс және қауіпсіздік мәселелеріне қатысты студенттер мен оқытушылардың сұрақтарына жауап беретін болады. Сонымен қатар кездесу барысында Сенат депутатына естелік күміс медал тапсырылады.
Мерзімі: 2009 жылдың 9 ақпаны сағ. 15.00.
Мекен-жайымыз: әл-Фараби к.,71. ҚазҰУ - Ғылыми кеңес залы (ректорат, 15 қабат).