Тәуелсіздігіміздің 20 жұлдызды күндері аясында «Ашық кафедра» жобасының салтанатты марапаттауы өтеді

2 желтоқсан, 2011

3 желтоқсан күні сағат 11:00-де, ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің мәжіліс залында «Тәуелсіздіктің жиырма шыңы» атты 20 жұлдызды күндер шеңберінде «Ашық кафедра» жаңа инновациялық жобаcының алғашқы тыңдармандарына дипломмен салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.


Оқу жылы басталуымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 475 студенті «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің, ҚазҰУ Жұмыс берушілер Кеңесінің компания топ-менеджерлерінің инновациялық дәрістерін тыңдап шықты. «Ашық кафедра» жобаның дәрісшілері халықаралық теориялық және тәжірибелік біліммен студенттермен бөлісті. Барлық дәріс ағылшын тілінде оқылды. Инновациялық және интерактивтік оқыту әдістері, кейс-стади әдісті қолдану, жобаны өңдеу, топтарда жұмыс істеу, интернет жүйесімен жұмыс істеу, қашықтықтан оқыту және вебинарлар.

Бағдарламаға қатысып, студенттер аналитикалық және шығармашылық әдістерді, презентация жасау және әңгімелесу дағдыларын, командада жұмыс істеу әдістерін дамытады, идеяны іске асыру шығармашылық пікірге үйренеді және халықаралық стандарттар бойынша ғылыми жобалар жазу тәжірибесін алады. Сонымен қатар, «Ашық кафедра» жобасы студенттерге экономика, социология, білім, қоршаған ортаны қорғау және ақпараттық технологиялар саласында инновациялық жобаларды дербес іске асыруға мүмкіншілік береді.

Жоба шеңберінде «Career Mentoring» («Мансап жетекшісі») бағдарламасы тиімді қолдануда, соңғы курс студенттеріне бағытталған. Бағдарлама тәжирбелі түлектерге өз мансабына қалай қол жеткізуге тікелей жол ашып, кеңес береді. Студенттер өз жетекшілерімен электрондық пошта арқылы өндіріс орындарында немесе бірегейлік акция өткізу кезінде қатынаса алады.

«Ашық кафедра» дипломдарымен марапаттау рәсімі – өте маңызды уақиға алдында Тәуелсіздіктің 20 жылдығы шеңберінде «20 жұлдызды күн Тәуелсіздіктің 20 шыңы» алдында өткізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жастарға арнаған жолдауында, «Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихын құрушылар - сендер. Сіздер жаңа ұрпақ әлі бағынбаған шыңдарды бағындыратын. Сіздердің күш-қайраттарың Қазақстанға керек», - деген болатын. Бүгінде «Ашық кафедра» жобасы – кезекті тәуелсіздік шыңы деп сеніммен айтуға болады.

Мансап және бизнес орталығы