Сап-сары жапырақтар, сап-сары жапырақтар, саудырап құлап жатыр атырапқа!
Қараша айының 29 жұлдызы. Механика және математика факультетінің акт залы көрерменге, қауымға лық толы болды. Біз де бұл күзгі кештің кереметін тамашалауға арнайы келгенбіз. Бұндай айтулы шараларды жоғары деңгейде өткізуге дағдыланған Қазақ Ұлттық Университетінің Студенттер Сенаты тағы да күзгі кештің көркін қыздырды. Ал басты назар жарасымды жұптарда екені етенеден белгілі. Бір-бірін айнымай тапқан, бір бастың қос көзіндей қарайласа, тың серпін, жоғары дайындықпен келген әр факультеттің жұптары «Күзгі балдың жақсылығы мен жарасымдылығын» танытты. Алдымен әр жұптар өздеріне берілген соңғы билет, финалға өнер көрсетіп жатқанына разы екендігін білдірді.
Көрермен қауымның аса зор ілтипатымен сайысты бастап, 3 кезеңнен өтті. Олар: таныстыру, өз өнерін көрсету және дефелье. 3 кезеңнен де сүрінбей өткен ақыл мен ойдың, парасат пен пайымның батыл үлгісі болған күзгі кештің ханзадасы мен ханшайымы болып тарих факультетінің Арысбай Аян және Оспанова Асемгүл студенттері танылды.
Күз айының қорытындысындай болған бұл шара, бұған дейін оздырылған сайыстардың жоғары деңгейін кезекті рет дәлелдеді. Шара соңында жеңімпаз жұптар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды. «Өнерлінің өрісі кең, жүрек дастарханы жақсылыққа жайылған күзгі кешке біз де дән ризамыз»
3 кезең. Дефелье