1 желтоқсанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы және туризм кафедрасының 15 жылдығына арналған салтанатты кеш өтті. Мерекелік шараларды 4 курс студенттері мен туризм және спортты дамыту «ЖасТур» жастар клубы ұйымдастырды.
Салтанатты кеште география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы г.ғ.д., профессор В.Г.Сальников, туризм кафедрасының негізін құрушы г.ғ.д., профессор С.Р.Ердаулетов және кафедра меңгерушісі т.ғ.к., доцент А.М.Артемьев құттықтау сөздерін жеткізіп, лебіздерін білдірді. Кеште емтиханды жақсы тапсырған студенттер GDS Abacus International халықаралық сертификатымен және фирма сыйлықтарымен марапатталды. Abacus Central Asia директоры П.Н.Спицин ҚазҰУ-мен, соның ішінде туризм кафедрасымен ынтымақтастық өте жемісті және табысты жалғасып келе жатқандығын ерекше атап өтті.
Мерекелік бағдарламада студенттердің, бітірушілердің және қонақтардың құттықтаулары тыңдалып, кафедра өмірі туралы фильм көрсетілді. Одан кейін студенттер арасында туризм бойынша Олимпиадаға қатысушыларды марапаттауға ұласты. Салтанатты мереке көрермендері үшін оқытушылар номинацияларымен ерекшелінген өте қызықты «Hollywood» шоуы нағыз тосын сый болды.
Туризм кафедрасы