- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Болашақ біздің қолымызда!» атты Тәуелсіздік құрдастарының Республикалық Жастар форумы өтті
«Болашақ біздің қолымызда!» атты Тәуелсіздік құрдастарының Республикалық Жастар форумы өтті
Астанада Қазақстан Жастар Конгресінің ұйымдастыруымен «Болашақ біздің қолымызда!» атты жастар форумы өтті. Форумға әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің белсенді жастары арнайы қатысып қайтты. Еліміздің бас қаласы Қазақстан жастарының әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру мен Тәуелсіздікте жеткен жетістер мен белестерді нығайту оны мық бекіту форумның басты мақсаты болды. Форумда белгілі болғандай енді қазақстанда «3 желтоқсан – Жастар күні» болып жарияланды
Еліміздің елеулі оқиғасы –Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған жастар форумында Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған көшбасшылар арасында ҚазҰУ-дың үлкен делагациясы айрықша көзге түсті. Секция жұмыстарында түрлі ой айтып, пікір алмасып, ұсыныстар жасаған қазұулықтар басқа өңірден келген жастарға үлгі болды. ҚР Білім және ғылым министрі Б.Т.Жұмағұлов бастаған бірнеше қоғам, мемлекет қайраткері қатысқан форумның қорытынды жиынында секциялық жұмыстардың нәтижелері талқыға салынды. Жастар биімен басталып, жас эстрада жұлдызы Бүркіттің әнімен аяқталған форумның алғаш рет айрықша заманауи стилі жастарға ерекше ұнады.
ҚазҰУ-дың Жастар комитеті