Құрметті әріптестер! әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Сіздерді «Бiлiм беру қызметіндегі инновациялар және оқытудың сапасын арттыру мәселелері» атты

12 желтоқсан, 2011

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Сіздерді «Бiлiм беру қызметіндегі инновациялар және оқытудың сапасын арттыру мәселелері» атты

42-шi - Халықаралық ғылыми-әдiстемелiк конференция жұмысына қатысуға шақырады

(2012 жылы 26-27 қаңтарда)

Конференция төмендегі бағыттар бойынша өткізіледі:

  1. Білім беру үдерісіндегі инновациялық әдістер, модульдік оқыту жағдайындағы СӨЖ,МӨЖ және ДӨЖ жаңа түрлері.
  2. Оқу үдерісін оқулықтармен қамтамасыз ету, электрондық оқу құралдарын дайындау.
  3. Өндіріс, білім беру және ғылым ықпалдастығы: академиялық ұтқырлық, жұмыс берушілер курсы, бәсекеге қабілетті мамандар дайындау.
  4. Жалпы білім беру пәндері мен тілдерді үйретудің технологиялары.
  5. Дөңгелек үстел: «PhD-докторантурасы мен магистратурада білім беру бағдарламаларының жүзеге асырылуы -зерттеу университетінің жетекші қызметі.
  6. Сандық Workshop.

Конференция қазақша, орысша,ағылшынша жүргізіледі.

Талаптарға сәйкес 5-8 бет көлемдегі рәсімделген мақалалар А4 форматында және электрондық нұсқада әзірленіп, факультеттің әдістемелік бюросының төрағаларына (төрайымдарына) 2011 жылдың 22 желтоқсанына дейін тапсырылуы тиіс.

Материалдар жинағында мақала жариялау үшін міндетті түрде конференцияда баяндама жасау керек.

ЖАРИЯЛАНЫМДАРДЫ РӘСІМДЕУ ТАЛАПТАРЫ:

Бірінші бетте мақаланың атауы, автор туралы мәлімдеме (аты-жөні, ЖОО, ғылыми дәрежесі және атағы, мекенжайы, электрондық поштасы) көрсетіледі. Мәтіндердің мазмұны конференция тақырыбына сай болуы шарт. Баяндамалар электронды түрде және бір данасы талапқа сай қағазды нұсқада толтырылып ұсынылуы тиіс. Баяндама (мақала) 5-8 бет көлемінде А4 форматында және электронды нұсқада поштаға факультеттің әдістемелік бюросының төрағасына (төрайымына) тапсырылуы керек.

Баяндама (мақала) мәтіні 5-8 бет көлемінде және тіркеу формасы MS Word мәтіндік редакторында терілуі тиіс. Кесте, схема, суреттер өз атауымен Windows негізінде терілуі тиіс.

Беттің орналасу үлгісі: жоғарғы жағы-2 см, төменгі жағы -2см, сол жағы-2см, оң жағы -2 см.

Шрифт: Times New Roman, Kz Times New Roman, кегль-14.

1 - Аралық интервал. Жаңа жол: 1,25 см.

Бір интервалдан кейін жаңа жолдан бір «бос жол» арқылы баяндама (мақала) материалдары беріледі.

Әдебиеттер тізімі мәтін соңында беріледі және жұмыста қолданылған тәртіпке сәйкес көрсетіледі.. Мәтіндегі әдебиеттерге сілтеме «квадратты» жақшаға алынып, аталған жұмыстың әдебиеттер тізіміндегі нөмірге сәйкес қойылады. Дәйектемені қолданғанда сілтемесін міндетті түрде көрсету керек. Мысалы: [ 1, 256 б].

Соңғы бетінде 3 тілдегі 350 таңбадан кем емес мақалаға қатысты тірек сөздер және абстракт (түйіндеме) келтірілуі тиіс.

Басқа ЖОО үшін байланыс мәліметі: 050040, Алматы қ.,әл-Фараби даңғылы,71,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Академиялық мәселелер жөніндегі Департаментінің әдістемелік бөлімі. Тел: 8(727)377-33-31, 377-33-32, 377-33-33, 377-33-34, қосымша 11-50. e-mail: Zhumagul.Omarbekova@kaznu.kz, Zhumazhan.nurgaliyeva@kaznu.kz