«Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл: Қазақ ғалымдарының рөлі»
Физика-техника факультетінде 6 желтоқсан 2011 ж. сағ. 12.00-13.00. 405 студенттік тобында өткізілген «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл: Қазақ ғалымдарының рөлі» атты ашық кураторлық сабағы өткізілді.
Топ старостасы Айсулу Мамышева «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл: Қазақ ғалымдарының үлесі» тақырыбына дайындаған баяндамасын оқыды. Ол өз баяндамасында 1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстан Республикасының Мемелекеттік Тәуелсіздігі туралы Конститутциялық Заңның қабылданғанын. Одан кейінгі атқарылған жұмыстар туралы толық баяндады. Қазақ ғалымдары мен зиялыларының үлесін көрсетті. Ақиық ақын Жұбан Молдағалиев; заңгер, академик Салық Зиманов; Қазақстанның халық жазушысы академик Зейнолла Қабдоловтар туралы толыққанды және мазмұнды баяндама жасалды.
Теориялық және ядролық физика кафедрасының меңгерушісі, ф.-м.ғ.д. Медеу Ержанұлы Әбішев сөз кезегінде Қабылданған тарихи құжаттың 1-бабын талқылау және қабылдау кезінде болған оқиғаны айтып берді. Ол белгілі философ, академик Жабайхан Әбділдиннің тапқырлығы жайында ұтымды әңгіме болды. Сонымен қатар кезінде Жұмабек Ташеновтың азулы Хрущевқа қарсы тұрып Қазақстанның кейбір территорияларын сақтап қалған азаматтығын айтты.
Ашық сабақтың қонағы Қапшағай қаласы № 12 орта мектебі физика пәні мұғалімі Несібелі Садықова 1986 жыл желтоқсан оқиғасы кезіндегі 3 курс студенті, курс комсомол комитетінің хатшысы, естеліктер айтты. Ол өз сөзінде студенттерді байыпты болуға, патриот және өз елін сүюге, сабақтарын жақсы оқуға шақырды.
Кафедраның оқытушысы Досаева Биғайша өз естелігінде, сол кездерде топ кураторы болғанын, студенттерімен қандай жұмыс жасағанын, оларды өз ақылымен көп қиын жағдайлардан сақтап қалғанын баяндап берді.
Топ эдвайзері Т және ЯФ кафедрасының доценті Нұрзада Бейсен Желтоқсан оқиғасы кезіндегі физика факультетінің деканы академик Шамші Шарипұлы Сарсембиновтың студенттерді КГБ құрсауынан қалай құтқарған амалы жайында айтып берді. Академиктер Фазылхан Баимбетовтың және Мейірхан Әбділдиннің патриоттығын, қазақтарды қолдап Ғылыми Кеңесте көптеген шовинистік пиғылдарға тойтарыс бергенін айта келе олардың ғылымға қосқан үлестері, қолдарымен жасаған ғылыми мектептері, жалпы азаматтық –даналық жолдары жайында кең көлемді, көрнекі баяндама жасады.
Ашық сабақ соңында студенттер шағын концерт берді. Олар орындаған ән-күйлер Қазақстанның Тәуелсіздігінің 20 жылдығына тарту екенін айтты.
Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент