Жұмыс берушілер Кеңесінің кейстерін қорғау байқауы өтеді

14 желтоқсан, 2011

«Ашық кафедра» жобасы және Global Class-тың құрметті тыңдармандары! KPMG компаниясы университет аралық бизнес-кейс «KPMG Case Competition» сайысын өткізеді. Берілген сайыс болашақта халықаралық өндірістерде жұмыс қарастыратын жоғары курс студенттеріне арналған. Сайыс студенттердің кейстің тиімді шешімін табу үшін білімін тереңдетіп, сараптамалық қабілетін, топта жұмыс істеу шеберлігін пайдалануға көмек береді.

Бірінші кезең - әр университеттің ішінде өткізілетін іріктеу туры. Жеңімпаз топ басқа университеттің ең үздік студенттерімен KPMG финалында сайысқа шығады. Студенттердің нағыз іскерлік ортада бизнес туралы білімдерін кеңейтуге, топтық жұмыс қабілетін арттыру, презентация өткізу, KPMG қызметкелерінен тәжірибе алу мүмкіндігі туады. Сайыста тек жоғары курс бакалавриаттың 3-4 курс студенттері қатыса алады. Сайысқа қатысу мәлімдемесін тек топ құрамында беруі керек, яғни студенттер топ құрып жалпыға ортақ мәлімдеме береді (қатысушының жеке үлгісін толтырады). Барлық қатысушыларға ағылшын тілін білу міндетті. Студенттер бизнеске қызығушылық таныту, көшбасшы қабілетін иемдену керек. Студенттер топ атынан толтырылған мәлімдемелерді (Application Form) мына мекен-жайға NOsserbayeva@kpmg.kz жібереді, хаттың атауын «KPMG Case Competition» деп көрсетуі тиіс. Барлық топтар хабарлама алады. Қатысушылардың тіркелінуі 2012 жылдың 15 қаңтарына дейін жалғасады. Топтар нақты өлшем бойынша іріктелінеді. Сосын сұрыптаушы сайыс өтеді. Іріктеу туры 2012 жылдың (шамамен) 15 қаңтарынан 28 қаңтар аралығында өтеді. Студенттер бизнес кейсті талдап, шешімін табу жоспарын жасап сарапшылар алдында прзентациялау керек. KPMG кәсіпкерлерінен тұратын сарапшылар әр университеттен KPMG финалына шығатын ең күшті топты анықтайды. Іріктеу кезеңінің жеңімпаздары финалдық сайыста 4-ақпанда өтетін (шамамен) өз университтерін мүддесіне өкілдік етуге мүмкіндік алып, 6 топ бас бәйге және KPMG Case Competition 2012 чемпионы лауазымы үшін сайысады.

Мансап орталығы