"Алаш айнасы" Республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет

14 желтоқсан, 2011

Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінде елдің рухын көтеретін біршама іс- шаралар жүзеге асуда. Соның бір көрінісі - халықаралық қатынастар факультеті халықаралық құқық мамандығының 1-курс студенттерінің (21-23-топ студенттері) ұйымдастыруымен өткен «Тәуелсіздік таңы» атты ашық эдвайзерлік сағаты.



Кез келген қазақ азаматының бо­йында патриоттық сезімді оята білу­ді мақсат еткен бұл ашық сабақ «Желтоқсан ала­ңын­­дағы» оқиғаны ес­ке алумен бас­тал­ды. Қойыл­ған көрі­ністе студенттері­міз бар жаны­мен образға кіріп, ұлт­тық мүд­де­міз­ді көз­деген 1986 жылғы көте­рілісті көз алды­мыз­ға әкелгендей болды. Алаңға шық­қан жас­тар ызалы үнімен өз талаптарын жеткізе білді. Жел­тоқ­сан­ның ызғарын жас­тары­мыз­дың сезін­гені байқалып тұрды. Сол кездегі Ләз­зат, Ербол, Қайраттардың рухтарының өл­ме­ген­дігін дәлелдеді. Қайрат­тың образын сом­даған 23-топ басшысы Рамазан Сейдаш көрерменнің жанарына жас үйірді.

Өз кезегінде Тәуелсіздік жырларының оқылуы көрермендерге тебірентерлік кө­ңіл күй сыйлады.
Студенттер патриоттық ән­дер орындап, би билеп, өз өнерлерін тарту етті.

Ашық эдвайзерлік сағатқа қатысқан тәрбие жұмысы жөніндегі департаменттің бас маманы Әлия Тұрмағанбетова өз сөзін­де студенттерді Тәуелсіздіктің 20 жылдығымен шын жүректен құт­тықтап, ата-бабамыздың ерлікпен қол жеткізген жә­не ұрпақтарына мұра етіп қалдырған кең бай­тақ жерді көз­дің қарашығындай сақтап, Тәуел­сіз­ді­гімізді тұғырлы етуге ша­қыр­ды. Дип­ломатиялық аударма ка­фед­расы мең­герушісінің орынбасары ф.ғ.к, до­цент С.Б.Бөрібаева сахнада қойыл­ған көрі­ністер мен өнерді жоға­ры дәрежеде ба­ғалап, ризашылығын бі­л­дірді.

Гүлшат Ахметалиева,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың

халықаралық қатынастар факультетінің 21-топ эдвайзері