Хван Суниилдың лидерлік дәрісі өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінде Оңтүстік Корея (Сеул) Донггук университетінің профессоры Хван Суниилдың «Dana on ones body and danas perfection» тақырыбында лидерлік дәрісі өтті.
Профессор Хван Сунил ежелгі буддизм тарихы және дін философиясы салалары бойынша белгілі ғалым болып табылады. Ол оқыған лидерлік дәріс адам рухының трансформациялануын философиялық тұрғыда талдауға және рухтың бар екендігіне сену немесе сенбеуге қатысты сауалдардың аясындағы өзекті өмірмәнді мәселелерді талқылауға арналды. Рухтың бар не жоқ екендігін түсіндіру барысында дін философиясының іргелі мәселелері де сөз болды. Дәріс тақырыбына қатысты талқылауға магистранттар, докторанттар және оқытушылар белсенді қатысты.
Философия кафедрасы